Түркістанда ХҚКО қызметкерлері ҰОС ардагердің үйінің ауласында сенбілік өткізді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 6 мамыр, 2024

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Немет Абдрасиловтың үйінің ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Жеңіс күні және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында өтті,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда дүниеге келген Немет Абдрасилов 23 жасында майданға кетіп, Берлинге дейін жеткен. Зеңбірекші және Рейхстаг шабуылына қатысушы. Ардагер Отан соғысы орденінің, I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Қызыл Жұлдыз» орденінің және жиырмадан астам медаль иегері. 

«Біз ардагерлерімізді еске алып, мақтан тұтамыз, бұл көмек олардың жанқиярлығы үшін терең алғысымыздың аз ғана бөлігі», – деді Түркістан облысындағы мемлекеттік корпорация филиалы директорының орынбасары Нұрзат Бураев.  

Сенбілікке қатысушылар тазалық жұмыстарын жүргізіп, Немет Абдрасиловтың үйінің жанындағы гүлзарларды ретке келтірді.

750

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.