Түркістанда көпбалалы ананың құқығы қорғалды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 4 наурыз, 2024

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі функциясы өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуді көздейді,- деп хабарлайды turkistan.today.

Жетісай ауданынан қызмет алушы (күміс алқа иегері) өзінің тұрғылықты баспанасы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеуіне байланысты тұрғын үй кезегіне тұру үшін бірнеше рет өтінішпен жүгінсе де, қызмет беруші әртүрлі себептермен қызмет көрсетуден бас тартқан көрінеді.

Өзінің құқықтарын қорғау мақсатында аталған азаматша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне ағымдағы жылдың қаңтар айында арызбен жүгінген.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

Арыз негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, Департаменттің нұсқамасына сәйкес азаматшаға заңмен кепілдік берілген құқығы, яғни тұрғын үйге кезекке қойылды.

Ендігі кезекте тұрғын үй кезегінен негізсіз бас тартқан лауазымды тұлғалардың тәртіптік мәселесі қаралуда.

Айта кету қажет, өткен жылы Департаменттің қарауына  157 өтініш түсіп, оның 13 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілген.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ітсері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Серік Бектұрсынұлы ӨМІРЗАХОВ

582

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.