Түркістанда медициналық орталық пен маңызды нысандар салынады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 9 сәуір, 2024

Түркістан облысында ғимараттар мен нысандар салуға ниетті инвесторлар саны артып келеді,- деп хабарлайды Turkistan.today.

Әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс. Бұл мәселені Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте жаңа жобалар таныстырылды. 

– Жаңа нысандар салу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бастамаларын қолдаймыз. Бірақ алдымен сол аймақтың Бас жоспары назарға алынуы тиіс. Түркістан қаласында салынатын ғимараттардан шығыс және ұлттық сәулет нақыштары көрініс табуы керек. Екіншіден, инвесторлар арнайы жұмыс жоспарын бекітіп, уақытында аяқтауы қажет, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басқарма мен басшыларға тапсырмалар берді. 

Мәжілісте 18 жоба ұсынылды. Атап айтсақ, Әкімшілік-іскерлік орталығында медициналық орталық, жатахана мен балабақша салу жөнінде ұсыныс беріліп, ғимараттарының үлгілері көрсетілді. Сонымен бірге Жаңа қала аумағында тұрғын үй, монша салу жөнінде де ұсыныс берілді.

Мәдени-рухани орталығында орналасқан Өнер мұражайы мен Қолөнершілер орталығы,  «Достық үйінің» ішкі көрінісінің жобасы да талқыланды. Бекзат Саттарханов спорт кешенінің кіреберісін сәндеу, Сауран ауданындағы монша және сауықтыру кешені, Түркістан қаласындағы галерея жобасы, 18 қабаттағы бизнес орталығының сыртқы көрінісі, ату алаңы мен ұлттық ойындар алаңын салу жобалары да талқыланып, тиісті ескертпелер берілді. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

258

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.