Түркістанда мониторинг нәтижесінде кәсіпкердің құқығы қорғалды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 4 наурыз, 2024

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып табылады,- деп хабарлайды turkistan.today.

Айта кету қажет, 2023 жылы Департаментпен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүргізілген мониторинг нәтижесінде, 464 бұзушылық анықталып, 15 қызметші тәртіптік,
36 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы бағыттағы үздіксіз жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы Департаментпен 13 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Ағымдағы жылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде, мемлекеттік орган комиссия құрымының толық жиналмауын алға тартып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті бірқатар қызмет алушылардың жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бас тартқаны анықталды.

Осы орайда, анықталған бұзушылықтар бойынша Департаменттің ықпалымен кәсіпкерлердің өтініштеріне мемлекеттік органның тиісті қаулылары табысталды.

Ал, бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлға тиісті жауапкершілікке тартылды.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Мырзабек Сейтбек

 

2.8k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.