Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін кеңес кабинеті іске қосылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 6 сәуір, 2023

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын ескеріп, қолайлы орта қалыптастыруда бірталай істер атқарылып жатыр. Олардың мұқтаждығын азайтуда бірқатар тапсырымалар орындалуда. 
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша гранттық жоба аясында қысқа мерзімді "Инклюзивті көмекші" -telegram боты іске қосылды, деп хабарлайды Turkistan Today.


Бұл ботты Түркістан қаласы мен Түркістан облысының Сайрам ауданының тұрғындары пайдалана алады. Мақсаты мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл – мүгедектігі бар адамдарға мотивациялық, психологиялық-әлеуметтік және құқықтық кеңес берудің онлайн-кабинеті. 


«Бот Түркістан қаласы мен Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында тұратын мүгедектігі бар адамдарға психологтың, заңгердің уақтылы кәсіби көмегін алуға, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі», - дейді жоба жетекшісі Диана Қырғызбаева.


Сондай-ақ, «Инклюзивті көмекші» telegram-ботында қыш жасау, сәндік безендірумен гүл өсіру және әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері сияқты үш бағыт бойынша оқуға жазылуға болады.  Консультациялар келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://t.me/inclusivehelpbot. 

Естеріңізге сала кетейік, жоба осы жылдың қыркүйегіне дейін іске асырылатын болады. Жоба операторы - Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.