Түркістанда республикалық ономастика комиссиясы мүшелерінің ұсыныстары тыңдалды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 19 сәуір, 2024

Түркістанда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинар өтіп жатыр. Маңызды жиынға келген тіл жанашырлары мен қоғам қайраткерлерін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, ұсыныстарын, пікірлерін тыңдады,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер! Былтыр киелі өңірде Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлтымызды серпілтетін маңызды бастамалар көтеріп, міндеттер жүктеді. Осы құрылтайдың заңды жалғасындай, ономастикаға қатысты семинардың шаһарымызда өтіп жатқанына қуаныштымын. Ономастика – өте маңызды сала. Нысандар мен көшелерге ат беруде бірізділік және жүйе қажет. Жекеменшік нысандар мен мектептерге ат беруде де қадағалау болуы қажет деп есептеймін. Бұл ретте өз ұсыныстарымызды жолдағанбыз. Түркістан төріндегі басқосуда маңызды шешімдер қабылданып, ономастика саласы дами түсетініне сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.

Кездесуде академик Серік Негимов: «Түркістан облысы құрылғанда қуанбаған қазақ жоқ. Бұл – қазақтың шежірелі, аяулы мекені. Сансыз бабтар, қайраткерлер шыққан өңір. Шаһарға келе жатқанда бір ауылға Мәшһүр Жүсіптің аты берілгенін көріп, қуанып қалдым. Сол ұлы тұлғаның еңбектерінде Түркістан өңірі туралы мәліметтер айтылған.  Республикалық семинарда жер, су атауларын талқылаймыз. Келелі ойлар айтылады. Ел үшін берері мол жиынды қабылдап отырған Түркістан өңіріндегі ағайынға алғысымды білдіремін», деді.

Қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан ономастика саласы туралы ой қозғап, пікірлерін айтты. Өңірдегі оң өзгерістерді атап өтіп, ел азаматтарының жұмысына сәттілік тіледі. Түркістан төріндегі семинардың маңызды екеніне тоқталып, бұл іс-шараның шежірелі шаһарда өтуінің мәні зор екенін жеткізді.

Айта кетейік, ономастика саласы білгірлерін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Али Рустам бастап келді. Түркістандағы «Фараб» кітапханасында өтіп жатқан семинарға елге белгілі филологтар, ғалымдар, ономастика саласына жауапты тұлғалар қатысып жатыр.

579

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.