Түркістанда " Таза Қазақстан" акциясы аясында 1400-ден астам шара өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 14 мамыр, 2024

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында тазалық шаралары жүргізілді,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

«Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтарында 1 408 ауқымды іс-шара өтіп, оған жалпы 67 мыңнан астам адам қатысты. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбеков мәлімдеді.

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының 5 апталығының қорытындысы бойынша облыс аумағында 150 мың түп ағаш отырғызылып, 175 мыңға жуық ағаш әктелді. Сондай-ақ, 40 024 шаршы метр аяқжолдар тазаланып, 346 саябақ және скверлер ретке келтірілді. Бұдан бөлек, 302 мыңнан астам жеке үйлердің және 1 767 әлеуметтік нысандардың айналасы тазаланып,  барлық аудан-қалалардағы су, өзен бойларында сенбіліктер өтті. Нәтижесінде 3 981 тонна қоқыс шығарылды. Айта кетерлігі, тазалық және абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатын болады»,- деді Жанәділ Нұрғалиұлы.

480

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.