Түркістанда тәжірибелі металлургке «Құрмет» ордені тапсырылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 20 шілде, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойып, қоғамды еңбек адамдарын құрметтеуге шақырған болатын. 
Осыған орай, бүгін Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды,-деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан облысында да еңбек адамына құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тәжірибелі металлург, Түркістан өңірінің дамуына үлес қосқан маман Нұрлан Қадырәлиевке «Құрмет» орденін тапсырды. 1965 жылы туған азамат Шымкент механикалық зауытында слесар әрі болат балқытушы болған. Қазір «KARLSKRONA LC AB» компаниясында бас болат  балқытушы болып жұмыс істеп жүр. Жалпы еңбек өтілі 40 жылға жуықтаған.

Облыс әкімі марапат иесіне Президентіміздің еңбек адамдарына құрмет көрсетудегі бастамалары туралы айта келе, Түркістан оболысын дамытуда металлургтердің де үлесі бар екенін жеткізді. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен металлургия саласында істейтін 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды. Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

241

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.