Түркістанда “Ұлттық киім - ұлт айнасы” атты іс-шара өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 18 наурыз, 2024

Бүгін 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлт айнасы» тақырыбында іс-шара өтті. Шараға ақ жаулықты әжелер мен қала тұрғындары қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ мәдениетінде қайталанбас орны бар саланың бірі – ұлттық киімдер. Өзінің әсемдігімен, түстерінің үйлесімділігімен, мағыналы оюларымен ерекшеленетін қазақи стиль қашан да менмін деген сән кутьюрелері мен әлем жұлдыздарының ыстық ықыласына бөленуде.


Бүгінде осы ұлттық киімдерімізді дәріптеп, насихаттаған шарада «Асатаяқ» биімен сахна шымылдығы ашылса, «Наурыз амал» әні орындалды.

«Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі күмбірлеген күйлерін төгіп, мерекенің ажарын ашты. 
Шара барысында киелі қаладағы «Белсенді өмір сүру» орталығының әже-аналары ақ кимешектері мен түрлі ою-нақыштары бейнеленген киімдерімен сән үлгісін көрсетті. Ал мәдениет үйінің бишілері ырғақпен көпшілікке таныстыру мақсатында қазақ халқының этно стильдегі ұлттық киім үлгілерінің топтамасын ұсынды. Шара соңы өңірімізге белгілі өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

793

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.