Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтуде

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 16 маусым, 2023


Президент басшылығымен Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтуде, деп хабарлайды Turkistan Today Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сәлтеме жасап.

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева модератор болды.
Сессия аясында белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, өңірлерден келген қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары, сарапшылар: Бану Нұрғазиева, Азат Перуашев, Уайс Ерсайынұлы, Бәйділдә Жылқышиев, Нұртай Сабильянов, Ахмет Мұрадов, Айгүл Орынбек, Талғат Қалиев, Тәттігүл Талаева және басқалар сөз сөйледі.


Талқылау барысында Ұлттық құрылтай мүшелері азаматтық қоғамды дамыту және этносаралық бірлікті нығайту, қоғамдық бірлестіктердің қызметін заңнамалық реттеу, ұлттық идеологиялық күн тәртібін қалыптастыру ерекшеліктері, өңірлердегі қоғамдық кеңестердің рөлі мәселелерін талқылады.
Жеке талқылау блогы халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру тақырыбына арналды. Сарапшылар нотариустарды, адвокаттарды, полиция қызметкерлерін, прокуратура мен сот орындаушыларын тарта отырып, азаматтар үшін қоғамдық консультациялар ұйымдастыру тәжірибесін жаңартуды ұсынды.


Сонымен қатар, Ұлттық құрылтай мүшелері отандық БАҚ пен медиа контентті дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ олардың қоғамдық шоғырландыруды нығайту құндылықтарын ілгерілетудегі рөлі туралы пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.


Талқылау қорытындысы бойынша Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстарын іске асыру жөніндегі арнайы іс- шаралар жоспарын әзірлеуге қатысты шешім қабылданды.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.