Түркістанда "Жасыл аймақ" апталығы басталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 23 сәуір, 2024

Түркістан қаласында республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы басталды. Атқарылған шаралар барысында аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Шаһардың жасыл аймағын ұлғайту мақсатында көктем мезгілінде 104 300 дана ағаш егілген болатын. Олар терек, емен, сәмбітал, үйеңкі, кіші жапырақты қарағаш, өрік, аморфа сынды ағаш түрлері. Одан бөлек, орталықтағы саябақ пен аллеяларда 200 мың дана көпжылдық, гүл түрлері отырғызылды. Аталған жұмыстарға 300-ге жуық маман мен 34 техника жұмылдырылған. 

Айта кетсек, өткен жылы қала аумағында көктем мезгілінде эустома, тәжігүл, шафран, шалфей, циннея, гейхера, гортензия, раушан, микс сынды жалпы 34 036 дана гүл егілген. Ал күз мезгілінде раушан гүл, хризантема, гортензия, қызғалдақ сынды жалпы саны 94 000 дана гүл егілген болатын.

577

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.