Түркістанда жасөспірімдер арасында "TURKISTAN CUP”  футбол лигасы басталды

Түркістанда жасөспірімдер арасында "TURKISTAN CUP”  футбол лигасы басталды

Түркістан қаласы «Керуен Сарай» көпсалалы туристтік кешенінде «Turkistan Cup» жасөспірімдер арасындағы футбол лигасының ашылу салтанаты өтті. Жиынға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыстық мәслихат депутаттары қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Шара барысында  Нұрбол Тұрашбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Сонымен қатар арнайы жеңімпаздарға арналған “TURKISTAN CUP” кубогы салтанатты түрде ортаға әкелінді. 

Іс-шара соңында барша қатысушылардың назарына «Керуен Сарай» көпсалалы туристік кешенінің арнайы фонтан шоуы және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Турнир 30 қазан мен 4 қараша аралығында өтеді.  

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0