2023 жылғы наурыз айында кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беру басталады. Қарыз көлемі – 5 миллион теңге, деп хабарлайды Turkistan Today.
Түркістан облысында 35 жасқа дейінгі жастарға микрокредитке 2932,4 млн теңге қаржы бөлінген.
Бұл бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Олар шағын несие алу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және кәсіпкерлікпен айналысқанына 5 жыл болуы тиіс. Бағдарламаның міндетті талаптарының бірі ол, берілетін қаражат қайтарымды несие болғандықтан, кепіл қою қажет.
Несие 21 жастан асқан азаматтарға беріледі. Бұл жасқа дейінгі азаматтардың атында жылжымайтын мүлік болмауы жоғары болғандықтан, осы жас таңдап алынған. Сондай-ақ, несие алушының өз атында мүлкі болмаса, ол кепілге жақын туысының үйін немесе көлігін қоя алады.
Фото atameken.kz
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.