Түркістанда жыл соңына дейін 20 әлеуметтік дүкен ашылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 14 қыркүйек, 2023


Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған болатын. Осыған орай «Түркістан» ӘКК» АҚ тарапынан көлемі 50 шаршы метрді құрайтын жаңа әлеуметтік дүкендерді салу,  олардың санын 50-ге жеткізу бағытында жұмыстар атқарылды. 
Бүгінгі күні бұрыннан жұмыс атқарып келген көлемі 24 шаршы метрлік 13 әлеуметтік дүкенге қосымша жаңадан әрқайсысының көлемі 50 шаршы метрді құрайтын 17 жаңа әлеуметтік дүкен салынып,  жалпы саны 30-ға жетті. Оның 9-ын «Түркістан» ӘКК» АҚ есебінен салынса, 8-ін кәсіпкерлер өз қаражаттарымен салды, деп хабарлайды Turkistan Today.


 Аталған әлеуметтік дүкендер Түркістан қаласының көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандарында, осал топтағы отбасылар шоғырланған аумақтарға орналасқан. Мұнда 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтан 20-30 пайыз төмен бағада халыққа сатылуда. Тазартылған күріштің келісі 350 теңгеге, рожки (өлшеніп салынатын) келісі 300 теңгеге, қарақұмық жармасының келісі (дән, өлшеніп салынатын) 320 теңгеге, тауық етінің келісі 900 теңгеге, тауық жұмыртқасы (I санатты) 35 теңгеге, күнбағыс майының литрі 680 теңгеге, қант-шекер келісі 395 теңгеге, 1 сұрыпты бидай ұнының келісі 190 теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ пастерленген сүт, айран, сүзбе, сары май, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, картоп, сәбіз, пияз, ақ қырыққабат, ас тұзы, сиыр еті нарық бағасынан төмен сатылуда. Жыл соңына дейін қалған 20 әлеуметтік дүкен құрылысы салынып, жалпы дүкен санын 50-ге жеткізу жоспарлануда. 


Айта кетейік, Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша арнайы мониторинг топтары құрылған. Олар осы бағыттағы кемшіліктерді анықтап, бағаны қадағалап келеді. 


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

511

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.