Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы бірнеше құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Turkistan Today.
Алдымен жасанды көлі бар қалалық саябақта болды. Бүгінде мұнда жұмыс қарқынды. Жасанды көлге су жіберіліп, үстіндегі көпірі салынған. – Бұл саябақ туризмді дамытуға серпін береді. Саябақтағы нысандарды бояу барысында түрлі түстерді қолданған жөн. Сәулетшілермен ақылдасып, балаларды, жалпы жұртшылықты қызықтыратындай бояулармен көмкеріңіздер. Қауіпсіздік мәселесі де назарда болуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Аталған саябақтың жалпы жер ауданының көлемі – 12,7 гектар. Су сыйымдылығы – 0,6 млн.м3. Құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда қоршауларды бояу, аббатандыру, ғимараттардың ішкі әрлеуі, көгалдандыру, субұрқақтың құрал-жабдықтарын орнату, шатырларды орнату, ғимараттардың қасбетін реттеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 6 техника және 97 жұмысшы жұмыс істеуде. Өңір басшысы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе қалашығына күмбез орнату жұмыстарын да қадағалады. Бұл нысан қыркүйек айында тапсырылады деп күтілуде. Алдағы уақытта Күлтөбе қалашығы туристік орындардың біріне айналмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.