Түркістанда"Өрт-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 19 мамыр, 2024

Іс-шара  халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде басқару органдарын практикалық оқыту және Азаматтық қорғау күштерін даярлау мақсатында ұйымдастырылған,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы орайда  Төтенше жағдайлардың алдын алу және қысқа мерзімде шешімдер қабылдау, сондай-ақ азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, олардың арнайы күштері мен құралдарының өрт қауіпті кезеңге дайындығын тексеру үшін Түркістан облысының барлық аудандарында табиғи өрттерді сөндіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті. Оған 300-ге жуық   адам мен 76 техника жұмылдырылған.

Арнайы тактикалық оқу-жаттығуға облыстың жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаменті қатысты. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары, ерікті өртке қарсы құралымдар, орман шаруашылығы қызметкерлері, медицина қызметкерлері, полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында іс-әрекеттер пысықталды. 

Айта кетейік, оқу-жаттығу аясында  екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Абай облысында орналасқан. 

524

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.