Түркістан қаласының 626 гектар аумағын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Бүгінде шаһарда 32 саябақ, 49 сквер, 127 гектарға созылған 16 жасыл алаң бар.
Халықтың жайлылығы үшін жасалған демалыс орындарындағы ағаштар, өсімдіктер мен гүлдердің күтімінде озық техникалар қолданылуда, деп хабарлайды Turkistan Today.
Атап айтқанда ағаш тәждерін реттеуге гидробиіктеткіш көліктер, бұталарды кескіш, ауа компрессоры, су шашқыш көлік, орылған шөптерді жинауға арналған кабиналы және кабинасыз моторелдер күші жұмылдырылған.
Одан бөлек моторлы көгал орғыштар, көгал тракторлары, көгалды аэрациялау машиналары да қала көркі үшін жұмыс істейді. Бұл ретте ағаштар мен көгалдардың күтіміне тыңайтқыш шашуға арналған арнайы машиналар, аспалы құрылғылар мен шаңсорғыштардың септігі мол.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.