Түркістандық балуандар 12 медаль еншіледі

Түркістандық балуандар 12 медаль еншіледі
Жуырда Ақтөбе қаласында қазақ күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті,- деп хабарлайды turkistan.today.
Еліміздің 20 өңірінен мықты балуандар жиналып, боз кілем төрінде тартысқа толы белдесулер өткізді. Қазақ күресінен өткен жастар арасындағы ел біріншілігінде Түркістан облысының сайыпқырандары толағай табысқа жетті. Олардың еншісінде 2 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль бар. Нәтижелі өнер көрсеткен түркістандық балуандар командалық 3-орынды иемденіп, өңір мерейін үстем етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0