Астана қаласында самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында Түркістан облысының дарынды балуандары жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты. Өз шеберліктерін көрсеткен білекті жігіттер мен арулар 5 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Дүбірлі додада 64 келіде Д.Давлятов топ жарса, 98 келіде А.Темірбай күміспен күптелді. Ал +98 келіде С.Абдисамиұлы қола жүлдені қанағат тұтты.
Қыздар арасындағы жауынгерлік самбодан 50 келіде Ж.Пайыз бен 80 келіде Ұ.Әділова алтыннан алқа тақса, 59 келіде Г.Құдасбек күміс жүлдені иеленді. Сонымен қатар спорттық самбодан 50 келіде А.Ибрагимова және 80 келіде Н.Асанқызына тең келер қарсылас болмады. Олар жеңістің шыңын бағындырып, алтын жүлдені ел қоржынына салды. Бұл бәсекеде 72 келідегі аруымыз А.Қыдырәлі қола медалды қанағат етті.
Балуандарды Ә.Халилаев, М.Бейсембаева, Қ.Пазылбеков, С.Арығынбаев, Н.Танкеев және М.Бүгінбаев даярлады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.