Қарағанды қаласында желтоқсанның 17-21 күндері бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық жарыс мәресіне жетті. Биыл ХХХІХ рет жалауы желбіреген дәстүрлі халықаралық бокс бәсекесі тартысқа толы болды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Тартысты өткен жекпе-жектер нәтижесінде Түркістан облысының боксшылары жүлдеден құр қалмады. Түркістандық саңлақтардың еншісінде 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль бар. Олжалы оралған спортшылар қатарында 92 келіде Сағындық Тоғамбай барлық қарсыласын тізе бүктіріп, халықаралық доданың жеңімпазы атанды. Ал, күміс жүлдеге қол жеткізген 60 келіде Әділет Құрметов, 67 келіде Әбдікерім Әбдіғалым, 80 келіде Әбдікерім Бекболат сынды былғары қолғап шеберлері бар. Сондай-ақ, 92 келіде Бекзат Қашқын қолаға қол жеткізді.
Айта кетейік, Халықаралық бокс турнирінде жеңімпаз және жүлдегер атанған саңлақтар Түркістан облысының «кәсіпқой бокс клубының» шәкірттері.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.