Түркістандық делегация Вьетнамда халықаралық әуежайдың әлеуетін көтеру бойынша келіссөз жүргізді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 29 шілде, 2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Вьетнамға іс-сапармен барды. «VinGroup» компаниясының төрағасы Фам Ньят Выонгпен кездесіп, туристік, экономикалық байланыстар бойынша талқылау өткізді,-деп хабарлайды turkistan.today

Делегация Түркістанға халықаралық туристер ағынын тарту, Түркістан әуежайының әлеуетін арттырып, Түркістан-Вьетнам әуе рейсінің ашылуына, ішкі және сыртқы туризмді дамыта отырып, өңір экономикасын көтеруді мақсат етіп отыр. 

Іс-сапар барысында облыс әкімдігінің делегациясы «SOVICO Group» Басқарма Төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен энергетика және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары,«Petrovietnam» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгпен энергетика және мұнай-газ химиясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.


1990 жылдары негізі қаланған «SOVICO Group» – Вьетнамдағы энергетика, құрылыс, банк және қаржы салаларына, сондай-ақ авиация саласына маманданған ең ірі әртараптандырылған конгломераттардың бірі. 2022 жылы компанияның табысы 20,6 млрд. долларды құраған. Аталған компания Вьетнамда және одан өзге аймақтарда әуе тасымалын жүргізетін танымал «VietJetAir»  әуе компаниясының негізін қалаушы акционері. 100 Airbus ұшағынан тұратын заманауи паркі бар Vietjet жыл сайын 180 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді, ішкі және халықаралық бағыттар бойынша күнделікті 500-ден астам рейс жасайды. 



 «Интеграция мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету аясында біз вьетнамдық компаниялардың біздің өңірге келуін жоспарлап отырмыз. Біздің тарапымыздан вьетнамдық компаниялардың бастамалары жан-жақты қолдау табатынын айтқым келеді.  Түркістан  – Түркі әлемінің рухани астанасы. Әуежайдың географиялық орналасуы тартымды және басқа елдерге ұшуға ыңғайлы. Өңір – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Аймақ туризмінің дамуы жолаушылар ағынына тікелей әсер етеді. Ішкі және сыртқы туризмнің ұлғаюы, сондай-ақ жалпы өңір экономикасының дамуы күтілуде», деді Зұлпыхар Жолдасов. 

Сапар барысында түркістандық делегация Вьетнамдағы бірнеше қонақүйді басқаратын ірі вьетнамдық холдинг  «Crystal Bay Group» (CBG) басшылығымен де келіссөз жүргізді. 

Атап өтейік, Түркістан облысында туризмді дамыту өңір экономикасының басым бағыты болып отыр. Мәселен, соңғы 3 жылда облыс туризміне 600 млн. АҚШ  доллары тартылған және жыл сайын шетелден туристер ағыны ұлғайғаны байқалады.

208

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.