Түркістандық кәсіпкерлер Қытайлық инвесторлармен бірлескен жобаларды қолға алды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 24 мамыр, 2024

Түркістан облысының кәсіпкерлері мен қытайлық инвесторлар арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесу өтті. Жиында  агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, медицина, жер қойнауын пайдалану, құрылыс, IT сынды салаларды дамыту жайы сөз болды,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қытайдың Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі комитетінің Қазақстандағы ресми өкілі Чэнь Хунцян екі мемлекет арасындағы кәсіпкерлік саласындағы байланыс жылдан-жылға нығайып келе жатқандығын атап өтті. Рухани астанаға инвестиция құюға ниетті шетелдік бизнес өкілдерімен іскерлік байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталған кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев жобаларды сүйемелдеуге көмек көрсетілетіндігін жеткізді.

«Түркістан облысында 200 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өңірде негізінен агроөнеркәсіптік кешен саласы қарқынды дамыған. Ет экспорттау бойынша да аймақ кәсіпкерлері республика бойынша 1-орында. Шағын және орта жалпы ірі кәсіпкерлік саласында айтарлықтай ілгерілеу бар»,- деді Асылан Сейілбекұлы.

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы қос мемлекеттің кәсіпкерлері үшін кездесу алаңына айналды. Кәсіпкерлер инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, бірлескен жобаларды қолға алу мәселесін талқылады.

402

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.