Түркістандық мұғалімдер Жапониядан тәжірибе жинап келді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 9 қараша, 2023

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, 28 қазан мен 3 қараша күндері аралығында түркістандық 15 білім саласының қызметкері Жапония еліне іссапармен барды. Олар күншығыс еліндегі білім саласының артықшылықтарын көзбен көріп, тәжірибе алмасып қайтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Аталған семинар Жапонияның Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат институтының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл жайында брифингте облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Бақытжан Төлембет баяндады. 


- Облыстан барған делегация жапон елінің  білім беру әдістемесімен ғана емес, әкімшілік басқару сынды тұстарымен де танысты. Ондағы педагогтардың кәсіби даму құлшынысы мен оқушылардың патриоттық санасын қалыптастыру әдістемесін үйренді. Алдағы уақытта Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығы мен Жапонияның Білім беру саласындағы ұлттық саясат институтының арасында байланыс орнатылып, бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізілмек - деді Бақытжан Нұрмұхаммедұлы. 
Бір аптаға жалғасқан семинар cоңында делегаттарға Білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институтының халықаралық сертификаты табысталды. 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

799

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.