Түркістандық оқушылар республикалық олимпиададан жүлдемен оралды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 27 мамыр, 2024

Түркістан қаласындағы «Назарбаев инновациялық мектебінің» оқушылары 18-22 мамыр күндері республикалық олимпиадаға қатысып, жүлдегер атанды,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Білім-инновация халықаралық қоғамдық қоры мен «Edlight Academy» ЖШС ұйымдастырған білім бәйгесіне 10-11 сынып оқушылары қатысқан. Химия, математика, биология, физика, информатика мен география пәндері бойынша елімізден жалпы саны 1 764 оқушы бақ сынаған.

Үздіктерді анықтайтын олимпиадада биология пәні бойынша сынға түскен Ерасыл Тұрлыбек 2-орынды иемденсе, ал химия пәнінен Нұрдәулет Әуесхан мен география пәнінің облыстағы үздігі Зиёда Абдуғаппарова 3-орын алды.

432

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.