Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында таеквондодан ақпанның 2-5 күндері Халықаралық G-2 турнирі өтті. Дүбірлі додада еліміздің намысын қорғаған түркістандық саңлақтар олжалы оралды. Ерлер арасында 87 келіде Нұрлан Мырзабаев қола алқа, ал 63 келіде Аманбол Бегімбетов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Сонымен қатар, Фуджейрада 4-7 ақпан аралығында жастар арасындағы рейтингтік турнир өтке болатын. Халықаралық додада жастар құрамасы сапында еліміздің намысын қорғаған түркістандық саңлақтар 3 қола медальға қол жеткізді. Жүлдегер спортшылар қатарында 63 келіде Батый Абдулхамит, 55 келіде Бәйдібек Базарбай, 52 келіде Балгерім Өтеген сынды дарынды таеквондошылар бар. Халықаралық додада сынға түскен жас спортшыларды Рақымжан Жанғылбаев жаттықтырған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.