Түркістандық жас мемлекеттік қызметшілер де экоакцияға өз үлестерін қосты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 12 сәуір, 2024

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығына түркістандық жастар да белсене қатысып жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бастамаға Түркістан қаласы әкімдігінің жас мамандары да өз үлестерін қосты. Жұмыс уақытынан кейін қызметкерлер шаһардың туристік аймағы саналатын мәдени-рухани орталық аумағын қоқыстан тазартуға шықты. 

«Тазалықты ту еткен жобаның ұлағаты мол. Табиғатты аялау, тазалықты сақтау - әрбір тұрғынның міндеті. Өйткені, осы қаланың ауасын өзі мен ата-анасы, балалары жұтады. Өзіміз серуендейміз. Ендеше киелі шаһардың әсемдігін бірге асырайық» - деді жас маман Ердәулет Төрехан.

Сенбілік барысында республикалық акцияның тазару мен жаңару маусымы саналатын көктем мезгілінде басталғандығының маңызы зор екендігі айтылды. Сонымен бірге, қатысушылар тазалық барысында халық әндерін шырқады. Сенбілік соңында мамандар облыс тұрғындарына "Таза Қазақстан" республикалық акциясына атсалысуға шақырып, арнайы челлендж жолдады. 

332

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.