Түркістандық желаяқтар 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды

Түркістандық желаяқтар 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды
Жуырда Астана қаласында спорттың падишасы – жеңіл атлетикадан 2004-2005 жылғы туған жас спортшылар арасында ел чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Жеңіл атлетика спортына әсіресе, жастар жағы аса қызығушылық танытуда.

Дүбірлі сында Түркістан облысының талантты спортшысы Ұлданай Абылхан 3000 метрге жүгіруден бас жүлдені қанжығасына байласа, болашағы жарқын жерлесіміз Аружан Алтыбай 2000 метр қашықтықта бақ сынап, күміс жүлдегер атанды. Аружан 800 метрде қола жүлдені қанағат етті. Түркістандықтар бұл республикалық жарыстан 1 алтын, 1 күміс жүлде және 1 қола иеленді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
1
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0