Түркістандықтар тұрғылықты жерлерінде тазалық жұмыстарын жүргізді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 26 сәуір, 2024

Түркістан қаласында «Жасыл аймақ» апталығында аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Осы ретте қаладағы Сауран секторының тұрғындары  республикалық акцияда сенбілікке шығып, көгалды аумақтарына күтім жасады. Аға буын өкілдері игі істің басынан табылып, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетті,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 
 

Айта кетсек, бүгінде облыс орталығында республикалық акцияға үлес қосуға ниетті мекемелер өз аулаларында көпжылдық және біржылдық гүл көшеттерін егуді жоспарлауда. Жалпы Түркістан қаласындағы абаттандыру жұмыстарына барлық саладағы мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары, қала белсенділері және ерікті жастар жұмыла атсалысып жатыр. Алдағы күндерде де айналаны жасыл желекпен жайқалту жұмыстары тұрақты түрде өз жалғасын табады.

714

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.