Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи еліне көрсеткен көмегі үшін Қазақстанға алғысын білдірді, деп хабарлайды Turkistan Today.
"Біздің қазақстандық бауырларымыз алғашқы сәттен бастап бірден жауап беріп, барлық көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтқаны бізді қуантты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және басқа да барлық қазақстандық мемлекеттік органдарға қолдауы мен тілектері үшін алғысымды білдіремін", - деді Түркия елшісі Астанада өткен брифингте.
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін Алматыдан Түркияға ұшып кетті. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев тиісті тапсырма берген болатын.
Сонымен қатар, Тоқаев мырза Түркияға миллион доллар бөлуді тапсырды.8 ақпанда Қазақстан Президенті Түркия елшілігіне барып, бауырлас халыққа жанашырлық пен қолдау білдірді. Ол сондай-ақ көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Түркияда елдің оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар үшін жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Елде жер сілкінісіне байланысты дабылдың ең жоғары деңгейі - төртінші дәреже жарияланды. Түрік билігі халықаралық көмекке жүгінді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.