Түркияның Хатай провинциясында 5,8 және 6,4 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан үш адам қаза болды, - деп Turkistan Today хабарлайды, Tengrinews.kz дереккөзіне сүйене отырып.
213 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу хабарлады. Оның сөзінше, қираған үш ғимараттағы үйінділерді тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Алғашқы 6,4 балдық дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:04-де, екіншісі 20:07-де сезілген.
Эпицентр Дефне және Самандаг ауданында болған. Бірінші дүмпудің ошағы 16,7 шақырымда, екіншісі 7 шақырым жерде болған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.