Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 9 наурыз, 2023


19 наурызға тағайындалған сайлауға санаулы күндер қалды. Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабының бір топ мүшелері «Атырау облысы Су Арнасы» КМК ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Turkistan Today.


Атырау облысы – донор аймақ. Осы ретте республикалық алып қоюлардың көп екені, сол қаражат көлемін азайтып, облыстың өз қажеттілігіне жарату туралы мәселе аз айтылып жүрген жоқ. Аталған басқосу барысында бұл тақырып та талқыға түсті.


Еліміздегі жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы саналатын AMANAT партиясы халықтың сұраныстарына негізделген «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жасақтады. Стратегиялық маңызы зор бағдарламада көптеген мәселелер, өзекті проблемалар толығымен көрініс тапқан. Іске асатын шаралар қоғамның кез-келген өкілдеріне лайықты. Осы мәселелерді атап өткен штаб мүшелері, кандидаттар AMANAT партиясының негізгі ұстанымдарын таныстырып, пікір алмасты.  
Аталғандарға қоса, тариф бағасы, инфляцияға байланысты жалақының жоғарылауы қажеттілігі туралы мәселелер де көтерілді. Штаб мүшелері айтылған әр ұсыныс, жолданған сауалдардың назардан тыс қалмайтынын жеткізді.


Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.