1 ақпаннан бастап қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балаға есептелетін соманы біле алады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Азаматтар kids.enpf.kz сайтына кіріп, баланың ЖСН нөмірі арқылы түсім жайлы білуіне болады. 2006 жылы және одан кейін дүниеге келген Қазақстанның барлық баласына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-і түсіп тұрады.
Табыс есепті жылдың алдындағы 18 жыл ішіндегі орташа сомамен есептеледі. Барлық бала бірдей сома алады. Төлем жүйесі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр және әрқайсысына шамамен 100 доллар, яғни шамамен 45 мың теңге есептелгенін көрсетті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.