Ұлттық құрылтай. Отандық өнер-киноны дамыту мәселесі көтерілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 16 маусым, 2023


Түркістанда өтетін Ұлттық құрылтайдың екінші отырысына орай, «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясының іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Turkistan Today  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Секция модераторы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов болды.
 Кездесуде депутаттар, жазушылар, журналистер, мәдениет және спорт қайраткерлері, этномәдени орталықтардың басшылары, оқытушылар мен сарапшылар сөз сөйледі. 2 сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде қоғамдағы өнер мен зиялы қауымның рөлі, жастар арасында нашақорлық пен жаман әдеттерге қарсы күрес, спортты, оның ішінде ұлттық спортты дәріптеу, діни экстремизмге қарсы күрес, ұлттық идеологиялық доктринаны әзірлеу, ономастика мәселелері, өңірлердегі шығармашылық ортаны дамыту және таланттарды қолдау, отандық мәдениетті дамыту және тарату, кино, қазақстандық жастардың азаматтық белсенділігі сынды тақырыптар көтерілді.Бұл ретте сөз тек баяндамашыларға ғана емес, іс-шара қонақтарына да берілді. Кез келген адам микрофон алып, өз ойын жеткізе алды.

«Азаматтық белсенділік танытып, отандық мәдениет пен спортқа бей-жай қарамағандарыңыз үшін баршаңызға рахмет. Кездесуде шын мәнінде маңызды мәселелер қозғалды және көптеген бағыттар бойынша біз нәтижелерге қол жеткіздік. Нақты айтқанда, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту үшін спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілігі үшін үстемеақы енгізілді. Ал ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және мүмкіндігінше көп қатысушыларды қамту үшін көкпардан ел чемпионаты форматын өзгертеді. Бұл ретте қатысушы құрамаларға өз инфрақұрылымының, сондай-ақ жастар мен жасөспірімдер командаларының болуы міндетті болады. Өңірлерде мәдениет нысандарының құрылысы жүріп жатыр, бірқатар шығармашылық оқу орындарына музыкалық аспаптарды сатып алуға және басқа да қажеттіліктерге қаражат бөлінді. Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен артып келеді. Біз бұдан да маңызды нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін», — деді ҚР Мәдениет және спорт министрі.

Сондай-ақ, Асхат Оралов осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді ұсынды.

1.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.