Умраға барамыз деп 20 жыл бойы жинадық – ерлі-зайыптылар қаражаттарын зілзала құрбандарына аударды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 23 ақпан, 2023

Түркияның Чорум қаласында тұратын ерлі-зайыптылар Умраға барамыз деп 20 жыл бойы жинаған ақшасын жер сілкінісінен зардап шеккендерге берді, деп хабарлайды Turkistan Today сайты  Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

Түркияда қайырымдылық шарасы әлі жалғасып жатыр. Осы жолы Тахсин мен Гүлайша Данажылардың әрекетіне көпшілік сүйсінді. Чорумның Алажа ауданында тұратын олар қарапайым тіршілік кешіп жүрген жандар. Жолдасы шаруашылықпен айналысса, Гүлайша ханым үй шаруасындағы әйел. Екеуінің арманы - Умраға бару еді. Сол үшін де 20 жыл бойы тірнектеп ақша жинаған. Алайда бір сәті түспеген. Енді елдің басына келген қиын кезеңде осы қаражатты зілзаладан зардап шеккендерге аударуға шешім қабылдаған. Сөйтіп, Түрік Қызылай қорының Алажа бөлімінің басшысы Фатих Арсланға табыстады.

- "Еліміз бен халқымызға сабыр берсін. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын, тірі қалғандарға сабыр, ал жаралыларға шипа тілеймін. Қиын күндерде біз де халықтың жанынан табылғымыз келді. Сондықтан жиған ақшамызды көмек ретінде береміз деп шештік", - деді ерлі-зайыптылар.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.