Уран өндіретін Созақта балалар спорты дамуда

Түркістан 11 шілде, 2025

Созақ ауданында балаларға арналған жаңа спорттық алаңдар ашылып, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалуда,- деп хабарлайды turkistan.today

Жартытөбе ауылдық округінде үш жаңа нысан – Бабата ауылында кіші футбол алаңы мен ойын алаңы, ал Жартытөбе ауылында тағы бір футбол алаңы пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, тұрғындарды құттықтады.

– Жастардың спортқа бейімделуі – болашағымыздың кепілі. Бұл алаңдар балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайтуға сеп болады, – деді ол.

Іс-шарада балалар алғашқы ойындарын өткізіп, тәтті балмұздақтан дәм татты. Тұрғындар жаңа алаңдардың ашылуына ерекше қуанды. Алдағы уақытта Аққолтық ауылында салынып жатқан тағы бір футбол алаңы да пайдалануға берілмек.

Созақ ауданы спорттық жобаларымен ғана емес, өнеркәсіптік әлеуетімен де белгілі. Бұл өңір – Қазақстандағы уран өндірудің ірі орталығы. Мұнда әлемге танымал KATCO кәсіпорны жұмыс істейді, ал Қазақстан уран өндірісінде әлем бойынша бірінші орында тұр – 2024 жылы өндіріс көлемі 23 мың тоннадан асып, әлемдік нарықтың 40 пайыздан астамын құрады.

Жаңа спорт алаңдарының ашылуы – уран өндіретін Созақтың тек өндірісте ғана емес, жастардың дамуы мен ауыл өмірінің жаңаруында да көш бастап келе жатқанын дәлелдейді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.