Қырғыз елінде Абайдың мерейтойы аталып өтті

Жаңалықтар 18 сәуір, 2025

Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Бас консулдығының және Ош мемлекеттік университетіндегі «Қазақ тілі мен мәдениеті орталығының» ұйымдастыруымен «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты халықаралық поэзия конкурсы өткізілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Конкурсқа Ош мемлекеттік университетінің филология факультетінің және аталған оқу орны мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы қос диплом бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

Поэзия конкурсында талапкерлер ұлы Абайдың, Мағжан Жұмабаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, сондай-ақ  қазіргі заманғы қырғыз ақындары Зайырбек Ажыматовтың және басқа да сөз зергерлерінің қазақ тіліне аударылған шығармаларын жатқа оқыды.ОшМУ оқытушы-профессорлық құрамы және ҚР Бас консулдығының қызметкерлері енген Қазылар алақасы қатысушыларды мәнерлеп оқу, көркемдік, сондай-ақ, дикция талаптары бойынша бағалады.

Жергілікті зиялы қауым өкілдері жыл сайын дәстүрлі негізде өткізіліп келе жатқан поэзия конкурсын бауырлас екі елдің мәдени-гуманитарлық, әдеби-шығармашылық байланыстарын арттыруға елеулі үлес қосатын маңызды шара ретінде атап өтті.
Конкурс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.

Айта кетелік, жыл сайын дәстүрлі негізде өткізілуі көзделіп отырған осынау игі іс-шараның өткізілуіне Қазақстанның Ош, Жалал-Абад, Баткен облыстарындағы Құрметті консулдары жан-жақты қолдау көрсетті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.