Қытайдың ұлттық арнасында Kozybayev university ғалымдары мен зерттеулері көрсетілді

Фото: Inbusiness.kz
Фото: Inbusiness.kz
Жаңалықтар 10 қазан, 2024

Соның нәтижесінде, әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделе алатын бидай сорттары өсірілді

Қозыбаев университетінің Агротехнологиялық факультетінің ғалымдары Қытайдың Солтүстік- батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің әріптестерімен бірлесіп, бидай және басқа да дақылдардың экологиялық сорттарын сынау бойынша зерттеулер жүргізуде. Соның нәтижесінде, әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделе алатын бидай сорттары өсірілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Профессор Жан Джимао бидайдың жаңа сорттарын өсіру жөніндегі қазақстандық ғалымдармен бірлескен топты басқарады. Жақсы өсім мен тұқым өнімділігі зерттеулер нәтижелерінің Қазақстанда ресми тіркелуіне әкелуі мүмкін.

Екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық ғылыми кадрларды даярлауды да қамтиды. Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті Қозыбаев университетінің оқытушыларына арнап, докторантураға 2 грант бөлді. Қазіргі таңда олар Қытайда оқуларын сәтті бастады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.