Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады,- деп хабарлайды turkistan.today
Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында және Бәйдібек ауданының тұрғындарының арызы негізінде, аталған шағымдарды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Анықталғандай, қызмет алушылармен «Е-лицензия» порталы арқылы «Саяжай құрылысы үшін» жер учаскесіне құқық алу үшін тиісті мекемеге өтініш берілген.
Бұл рете, Қағида талаптарында көрсетілгендей, жер комиссиясы қорытындысының бір данасын өтініш иелеріне жіберу қажет.
Сонымен қатар, Қағида да мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер көрсетілген.
Алайда, қызмет беруші тарапынан аталған өтініштерге жер комиссиясының қорытындысы жолданбай, өтініштерге негізсіз бас тартылғаны анықталды.
Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде, қызмет алушымен аталған мемлекеттік қызметті алу үшін қайта өтініш беріліп, Департаменттің ықпалымен 2025 жылғы 10 қаңтарда қызмет нәтижесі жер комиссия отырысының оң қорытындысы ұсынылды.
Осылайша, қызмет алушылардың бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.
Абылайхан Дағыстанұлы
НАУРЫЗБАЕВ
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Түркістан облысы
бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.