Қызмет көрсету мерзімдері жүйелі түрде бұзылып келген

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Түркістан 18 қазан, 2024

Аталған мемлекеттік қызметті көрсету түрі – қағаз түрінде, яғни кеңсе арқылы көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бекітілген жоспарға сәйкес, қызмет беруші мекемелерге жоспарлы тексеру жүргізді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 27-1 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспарлы тексеру.

Нәтижесінде, қызмет көрсетуші мекеменормативтік құқықтық актілер талаптарын дұрыс қолданбау салдарынан, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін тұрақты түрде кешіктіріп ұсынған.

Мәселен, «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі - күнтізбелік 15 (он бес)  күн.

Сондай-ақ, аталған мемлекеттік қызметті көрсету түрі – қағаз түрінде, яғни кеңсе арқылы көрсетіледі. 

Дегенмен, аудан тұрғындары жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтінідігін анықтау үшін «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берген.

Айта кету қажет, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексінің 76-бабына сәйкес, жолданымды қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

Бұл жерде, нормативтік құқықтық актіде 15 күнтүзбелік күн, ал Кодексте 15 жұмыс күнболуына байланысты қызмет көрсету мерзімі біршама сәйкессіздіктер болуда.

Бұл тұста, Департамент жүргізілген жоспарлы бақылау нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды болдырмау және алдағы уақытта алдын алу мақсатында ұсыныс берілді. 

Қазіргі таңда, Департаменттің ықпалымен аталған бұзушылықтар жойылып, нәтижесінде бүгінгі күнге дейігн 300 жуық қызмет алушыларға қолданыстағы Қағидаға сәйкес қызмет мерзімінде көрсетілуде. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.