Заңгер мәдениеті: кәсіби дағдылар мен моральдық жауапкершілік

Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz
Түркістан 4 сәуір, 2025

Құқық қорғау және әділет жүйесі әр қоғамда маңызды рөл атқарады.

Заңгер-қоғамдағы әділдік пен құқықтық тәртіпті сақтаушы, заңдарды түсіндіруші, қорғаушы әрі әділдікке қол жеткізуші маман. Заңгер мәдениеті- тек кәсіби дағдыларды меңгерумен ғана шектелмейтін, моральдық, этикалық құндылықтар мен жауапкершілік тұрғысынан қалыптасатын маңызды аспект. Ол қоғамның құқықтық жүйесі мен демократиялық процестерін тиімді ұйымдастыруда негізгі рөл атқарады. Заңгер мәдениеті-бұл заңгердің өз кәсібін орындауда жоғары кәсіби білім мен біліктілікті ғана емес, адамгершілік пен моральдық құндылықтарды, әділеттілік пен шындықты ұстанатын мәдениет. Бұл мәдениет тек қана заңдық білімді меңгерумен шектелмейді. Заңгерлік мәдениет әлеуметтік жауапкершілік, кәсіби этика, қоғам алдындағы міндеттер мен заңдарды әділ қолдануды білдіреді.Құқықтық мәдениет заңгердің білімін, дағдыларын және осы білімдер мен дағдыларды қоғамға, әріптестеріне және клиенттеріне қалай қолданатынын айқындайды және адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінде көрініс табады,оның кәсіби қызметінде бейнеленеді. Заңгер өз кәсібіне қатысты құқықтық білім мен заңдарды терең білуі керек.Білім тек теориялық емес, сондай-ақ практикалық түрде қолданылатын болуы тиіс. Құқықтық нормаларды меңгеру, оларды нақты өмірдегі жағдайларға дұрыс қолдану заңгердің кәсіби деңгейінің жоғары болуына ықпал етеді.

 Заңгердің мәдениетінде кәсіби этика маңызды орын алады. Бұл моральдық нормалар заңгердің іс-әрекетінде адамгершілік құндылықтарды ұстануын талап етеді. Заңгер қоғамға қызмет ету барысында кәсіби және жеке өмірде әділ болу, өз ісінің адал орындаушысы болу керек. Заңды бұзу немесе заңға қайшы әрекеттер жасау заңгердің моральдық құндылықтарынан алшақтағанын көрсетеді.  Заңгер тек өз кәсібіне ғана емес, қоғамның игілігіне де қызмет етуі тиіс. Оның іс-әрекеті әрдайым адамдардың құқықтарын қорғау, қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты сақтау жолында болуы керек. Заңгердің моральдық ұстанымдары, әсіресе, құқық бұзушылықты анықтау мен оны жауапкершілікке тартуда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, заңгер кәсіби қызметінде тек жеке мүддені ғана емес, жалпы қоғамның мүддесін де ескеруі қажет. Заңгерлердің міндеті-нақты заңдарды, құқықтық нормаларды дұрыс әрі әділ қолдану. Әрбір істі қарап, шешім қабылдағанда әділдік пен объективтілікті сақтау, тек заңды негізде әрекет ету, тұлғалардың құқықтарын қорғау заңгер мәдениетінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Заңгердің мәдениеті тұрақты түрде жетілдірілуі керек. Құқықтық жүйе үнемі өзгеріп отырады, жаңа заңдар мен нормалар қабылданады. Заңгер өзінің кәсіби деңгейін үнемі көтеріп отыруы қажет. Бұл үшін оқу мен тренингтер, семинарлар мен ғылыми зерттеулерге қатысу маңызды.Заңгер мәдениеті қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға және әділдікті орнатуға бағытталған. Заңгерлер, әсіресе адвокаттар мен прокурорлар, қоғамдағы ең жоғары моральдық стандарттарды ұстануы тиіс. Олардың шешімдері мен іс-әрекеттері әділдікке негізделіп, заңға бағынған қоғамның қалыптасуына үлес қосады.Сонымен қатар, заңгер мәдениеті – қоғамдық сенімділікті қалыптастырудың маңызды құралы. Заңгерлер өз қызметінде әділетсіздікке, заңсыздыққа және қылмыстарға қарсы күрескенде ғана емес, сонымен қатар қоғамның рухани және моральдық дамуына ықпал етеді.

Ибраева А.С

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.д.,

Турсынкулова Д.А

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті,з.ғ.к.

 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.