Жаңару күнінде Созақ ауданында 4 мыңнан астам ағаш көшеті егілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 19 наурыз, 2024

Еліміздегі Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл күні Созақ ауданында  «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен ағаш егу жұмыстары қарқынды іске асырылды. 

Мереке қарсаңында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов және еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары аудан орталығында орналасқан «Абай» саябағына арша ағашын отырғызды. Онда аудан басшысы ауылдар мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. 

Айта кетейік, Жаңару күнінде ауданда 4 мыңнан астам тал көшеті егіліп, созақтықтар бұл күнді жақсылықпен атап өтуде. Егілген көшеттердің 500-ден астамы арша ағашы болса, қалғаны – қарағаш көшеттері.

837

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.