Жаңару күнінде Түркістан облысы әкімі ағаш отырғызды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 19 наурыз, 2024

Ұлыстың ұлы күні биыл 10 күн тойланып жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылған болатын. Бүгін, Түркістан облысында Наурызнаманың онкүндігі аясында «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен барлық өңірде ағаш егу дәстүрі басталды. Жаңару айын жақсылыққа балаған түркістандықтар «Түркістан Білім-инновация» лицейінің  айналасын көшетпен көмкерді. Наурыз мерекесі аясында өткен шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, аталған білім ұясының ұстаздары мен оқушылары, коммуналдық сала өкілдері қатысты. 

Мектеп ауласында терек, қарағаш, үйеңкі ағаштары сынды ағаш егілді. Игі бастамаға қолдау білдірген облыс әкімі Дархан Сатыбалды көппен бірге ағаш көшеттерін егіп, бұл бастаманың мәні зор екенін, көгалдандыру жұмыстары жалғасатынын жеткізді. Әрбір тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл желекпен көмкеруге үлес қосуы тиіс екенін айтты.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Биылғы көктемде облыс бойынша 520 мыңнан аса көшет егіледі деп күтілуде. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. 
Айта кетейік, Наурызнама онкүндігі 23-наурызға дейін жалғасады.

2.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.