Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Астанада Жас діни лидерлердің форумы өтеді. Парламент Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Qogam News жобасына арнап Динара Сәтжан мен Әділ Сейфуллинге берген сұхбатында бұл алаң диалог сабақтастығын қамтамасыз ету және жаһандық міндеттерді шешуге жаңа ұрпақты жұмылдыру үшін құрылғанын айтты,- деп хабарлайды turkistan.today
Ұйымдастырушылар атап өткендей, қатысушылар арасында жас діни қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар ғылыми және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері, жас саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері де бар. Алаңның мақсаты – рухани көшбасшылардың аға буыны өкілдерінен тәжірибе үйрену, сондай-ақ жастар арасында ашық диалог, өзара құрмет және толеранттылық мәдениетін қалыптастыру болып отыр.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда жас діни лидерлердің форумы екінші рет өтеді. Біз рухани көшбасшылар арасындағы қарым-қатынастан жастардың үлгі алғанын, диалогты кейінгі буындар да жалғастырғанын қалаймыз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.