"Жасыл аймақ": Ордабасы ауданында жалпыаудандық сенбіліктер өтуде

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 25 сәуір, 2024

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Ордабасы ауданына қарасты ауылдарда сенбіліктер ұйымдастырылуда. Шаралар барысында саябақтарда жалпы саны 685 ағаш әктеліп, жол бойындағы ғимараттардың қасбеттері сырланды,- деп хабарлайды turkistan.today Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, орталық көшелердегі аялдамалар реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында 500 түп гүл мен 50 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Орталықта орналасқан 35 көшеде жаяу жүргіншілер жолақтары қайта қалпына келтірілді. Жалпы тазалық акциясында 9 тонна қоқыс шығарылды. Аудандық ауқымды сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.

700

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.