Жастарға мемлекеттік бағдарламалардыңқолдауы неге жетпей жатыр?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 26 сәуір, 2023

Салаға жетекшілік еткен біршама уақыттан бері байқағаным мемлекеттік бағдарламалардың көбісі елге ашық, бұқаралық тілде түсіндірілмейді. Қасаң, ресми құжаттық форматта айтылғандықтан қоғамның көп бөлігіне ұтымды жобаларлың қыр-сыры беймәлім болып қала береді. Әсіресе жастарға қатысты қаптаған бағдарламалар да соның күйін кешуде.Бұл туралы Бейсен Тәжібаев фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Таяуда аудан-қаладағы “Жастар орталығының” жетекшілерін жинап, осы олқылықтың орын алуын талқыладым. Байқағаным, мемлекет тарапынан ұсынылған көмектердің көбісінен бейхабар. Шұғыл түрде барлық басқармаларда шашылып жүрген мемлекеттік бағдарламаларды жинатып шықтым. 12 негізгі бағдарлама бар екен. Оның әкімшісі әртүрлі мекемелер болғандықтан насихаттық бағыттың ортақ шарты жоқ. Тіптен бірқатарында комиссия мүшелігінен жастар өкілдері тыс қалған. Жаңа заңға сай 35 жасқа дейінгілер де жастар қатарына енгізілгендіктен, Түркістан өңірінде олардың қатары 700 мыңға жетті. Бізге бұл салада сілкініс әкелмесек, қордаланған мәселелер тереңдей бермек. 

Алдымен NEET санатында 55 мыңнан астам жас бар. Бұл дегеніміз жоғары білімі жоқ, ешжерге жұмысқа орналаспаған, әскерге бармағандар шоғыры. Ауылды жерлерде жұмыссыз жүргендердің көрсеткіші өсуде. Сондықтан «Жастар ресурстық орталығының» мамандары облыстағы замандастарынв мемлекеттік қолдаулар жайында күнделікті түсіндірме жүргізуде. Мектептерді, оқу орындарын, тіпті үй-үйді, базарларды, көшелер мен аулаларды, егістік алқаптарды аралап ақпарат жеткізуде. Бұрыңғыдай “бізге келіңіз” деп мәдениет үйінде ешкімді күтіп отырған жоқпыз. Оның ішінде жұмысқа орналасу, несие алу, тегін оқуға түсуге арналған жалпы 12 бағыт бойынша мемлекеттік бағдарламалар қамтылуда (тізімі төменде).

Жұмыс істеуге қабілеті болғанымен құштарлығы төмен немесе ауыл шаруашылығымен айналысуды жөн көретін, тегін білім алуға ынталы емес жастарды тартуды басты назарға алып отырмыз. NEET санатына тіркелген азаматтар жөнінде деректерді жаңартып, кеңес жүргізуді үрдіске айналдыру қажет. 

Анализге сәйкес 17 аудан, қала бөлінісі бойынша Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласының көрсеткіші мәз емес. Қазығұрт, Мақтаарал, Жетісай, Ордабасы, Келес, Төлеби және Сауран аудандарында орта деңгейде. Қалған аумақтарда аталған санаттағылардың саны азырақ. Әрине, халқы тығыз қоныстану жайы да ескеріледі. Осы күнге дейін аталған топқа кіретін 2,5 мыңға жуық азаматты тиісті ақпараттармен таныстырып, кездесулер де ұйымдастырылды. Жалпы 30 мыңдай жасты он күнде сұхбатқа тарта алдық. 

Ақпараттық-насихат тобындағы мамандарға «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Жасыл ел», «Бастау Бизнес», «Дипломмен ауылға», «Болашақ», «Серпін-2050 мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламаларынан бөлек колледждерге грантқа оқуға түсу, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие туралы барлық мәліметті жеткізу  жүктелген. Байқасаңыздар, жастарымыз да залға жинап жаттанды жиын өткізуді азайтып отыр. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2,9 млрд. теңге Түркістан облысының жастарына таратылады. Қолынан іс келетін жаңа толқын мүмкіндіктен шет қалмауы тиіс. Кезінде талпынып тұратын азаматтардың қатары көп дегенмен идеяларын іске асыруға қаражат қарастырыла бермейтін. Қазір қаражат бар. Бірақ не бейхабар, не тәуекелден қорқатын жастар өкінішке қарай басым. Сондықтан ата-аналарға да мейлінше қолдау көрсетулерін сұрар едік. 

Бүгінге дейін жеңіллетілген 2,5%-дық несиені алуға 100-ге жуық өтінім келіп түссе, оның 90 пайызы мал шаруашылығына қатысты. Мұндай қарқынмен жайылым тапшылығы, жер дауы мәселесін одан әрі көбейтпесек, шеше алмаймыз. Облыстың ерекшелігін ескере отырып, тың әрі инновациялық жобалардың ұсынылғаны абзал. Оның ішінде сұранысы жоғары салалар қамтылғаны дұрыс. 

Еңбекке, кәсіпкерлікке, білім мен ғылымға бейім жас азаматтарымызды әрқашан қолдаймыз. Түркістандық жастар мақсатқа жетіп, нақты нәтижеге қол жеткізгенше тоқтамайды.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.