Еркінқала ауылындағы аялдама мен жаяу жүргіншілер жолының жоқтығы тұрғындарды алаңдатады. «Автобустар арнайы тоқтайтын орындар жоқ болғандықтан, балалардың сабаққа қатынауы қиын» дейді олар. Бұл мәселе бүгін AMANAT партиясының атынан сайлау науқанына қатысатын бір топ кандидаттардың «Жайық Атырау бекіре балық өсіру зауыты» ұжымымен кездесуінде жергілікті жұмысшылар тарапынан айтылды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Бекіре балығы – бір кездері атыраулықтар үшін қолжетімді болса, қазіргі таңда қорғауға жататын бағалы су маржаны санатында. Депутаттыққа үміткерлер арнайы барған зауыт қазіргі таңда Балық шаруашылығы комитетінің тапсырмасына сай, жаңғыртылуда. Техникалық бақылау жүргізіліп, ескіні заманауи технологияға ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.
«Жұмысымыз тікелей байланысты болғандықтан, су мәселесі өте өзекті. Өзен арнасы ашылып, балық қорының мол келуіне жағдай жасалса дейміз. Бұл жұмыстар жолға қойылса, шабақтарды кері Жайыққа жіберуде де көрсеткіштер артатын еді» дейді сала өкілдері. Бұған қоса, балық шаруашылығы саласы мамандарының жалақысы аз екенін де айтты.
«Рас, өңір үшін өзекті проблемалар қатарында Жайықтың жайы ең маңыздысы. Жетінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде ең алғашқы сауалымды да осы тақырыпқа арнадым. Кейін әріптестеріммен бірлескен түрде бұл тақырыпта екі жыл ішінде 4 депутаттық сауал жолдадық» деген Дүйсенбай Тұрғанов AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында бұл мәселе кең көрініс алғаны, нақты іс-шаралар қарастырылғанын жеткізді.
Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.