Соңғы жылдары танымал бола бастаған әнші Жетісу облысының Үшарал қаласындағы тойда масайып қалып, қонақтармен төбелес шығарған, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Ұланғасыр Қамиевтің алдымен үйлену тойында ән айтып, сонан соң мас әрі жартылай жалаңаш күйде соққыға жығылғанын көруге болады.
Оқырмандар бұл оқиға 29 шілдеде болғанын жазып жатыр.
Өңірлік полиция Алакөл аудандық полиция бөліміне бұл іске қатысты арыз түспегенін алға тартты.
Дегенмен тексеріс барысында әртістің мерекелік іс-шарада мас күйде болғаны расталды. Той халал өткен.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.