Жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы 20 жаңа мектеп салынады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 6 ақпан, 2024

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады.
Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған, деп хабарлайды Turkistan Today.


 Оған мыналар кіреді:
• апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда);
• үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
• оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
• тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
• екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).


Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында төрт мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында екі мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір мектептен салынады.
Өткен жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.

341

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.