«Жеті гүл» лирикалық комедиясы 2025 жылдың 6-наурызынан бастап көрерменге жол тартады,- деп хабарлайды turkistan.today
«Алғашында «Жеті гүл» фильмінің идеясы 2023 жылы «Таптым-ау сені» туындысының орынына ойлап табылған еді. Дегенмен Дариға Бадықова прдюсерлік еткен аталмыш фильмге басқа оқиға желісі жазылып, бастапқы идея бізде қалды. Сол үшінде бұл фильмді өзіміз түсіруді жөн санадық. Яғни “Жеті гүлдің” сценарийі бас-аяғы 2 айдың төңірегінде жазылғанымен, оның идеясы 1 жылдан аса пісіп жетілді деуге болады. Сіздің туысыңыз, досыңыз, кем дегенде бір танысыңызда фильмнің сюжетіне арқау болған оқиғаға ұқсас ситуацияның болуы бек мүмкін. Кейбір жанұялар бір перзентке зар болып жүргенде, Құдай берген қыздарының бағасына жете алмай жүрген ата-аналар өкінішке қарай қоғамда жетерлік. Осы жәйттар «Жеті гүл» фильмінің идеясының тууына түрткі болды.»,- деді киноның негізгі идея авторы Бұхар Марат.
Айта кетелік, «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыпқа негізделген. Ғасырлар бойы іште сақталған нәзік жандылар үнін қалың көрерменге экран арқылы жеткізуге тырысқан ерекше туынды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.