Жетісай ауданында экоакция аясында 300 түп ағаш әктелді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 11 сәуір, 2024

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығында Жетісай қаласында орналасқан Орталық саябақта тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылды,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Сондай-ақ, 300 түп ағаш әктеліп, тұрғындарға кедергі келтіретін ағаш бұтақтары ретке келтірілді. Бұдан бөлек, 1 шақырым жаяу жүргіншілер жолын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Шараға ерікті жастар, қоғам белсенділері және тазалық жұмысына жауапты мамандар мен техникалар жұмылдырылды. Акцияға жалпы 120 азамат қатысты. Жетісай ауданында акция аясындағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыру үшін жұмыс жоспары бекітіліп, түрлі тақырыптарда сенбіліктер, плоггингтер ұйымдастыру жоспарлануда.

197

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.